Футбол • 30 Тамыз, 2018

«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті

200 реткөрсетілді

Ойында «Астана» есеп ашты. 15-минутта қауіпті шабуылдардың бірінде айып алаңының ішінде қонақтар ойыншысы Карлаудың қолына доп тиіп, төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік нүктеден Педро Энрике қателескен жоқ.

1-тайм 1:0 есебімен аяқталды.Екінші бөлімде тартыс қыза түсті, қауіпті шабуылдар да молая берді. Қонақтар жиі қысқа пастармен ойнады. Ал астаналықтар дәл пас беру жағынан көп қателік жіберді.

Кипрлік ұжым нағыз қауіпті сәттерге ие болды. Бірде қақпашы Ненад Эрич тамаша сейвтерімен көзге түссе, кейде қорғаушылар сенімді ойнады. Есесіне гол соғарлықтай сәттер туындату қиын болды. Шабуыл шебінде Джуниор Кабананга мейлінше белсенді болды, әсіресе әуедегі допқа таластың көпшілігінде басымдық танытты.

Бірақ 84-минутта бапкер оны Рангело Янгаға алмастырды. Бірақ қарсыластың қорғаныс шебін жарып өтудің сәті түскен жоқ. Ойынның негізгі уақыты «Астананың» 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Никосиядағы алғашқы кездесуде АПОЭЛ дәл осы есеппен ұтқан болатын. Сондықтан, даниялық бас төреші Якоб Кехлет командаларды 15 минуттан қосымша екі тайм ойнауға шақырды. Бірақ, бірлі-жарым шабуылдарды айтпағанда, гол соғуға қолайлы сәттер бола қойған жоқ.

Екінші овертаймда кипрліктер сапында Г. Захидтің орнына алаңға шыққан Томас де Винченте алыстан пәрменді соққы бағыттады. Абырой болғанда, қақпашы оның голға айналуына жол бермеді. Қақпаларға гол соғылмағандықтан, жеңімпазды пенальтилер сериясы арқылы анықтауға тура келді. Футбол лотереясында капитан Ненад Эрич ерлік танытып, екі соққыны қайтарды. Жалпы, пенальтилер сериясында «Астана» 2:1 есебінде жеңіске жетіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 09:52

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар