Аймақтар • 31 Тамыз, 2018

Ақтөбе қаласында Конституция күні екі жаңа мектеп есігін айқара ашты

934 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Конституция күніне және жаңа оқу жылына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша екі жаңа мектеп есігін айқара ашты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласында Конституция күні екі жаңа мектеп есігін айқара ашты

Қызылжар ауылында қазақ ақыны М.Мақатаев атындағы 300 орындық мектеп ашылды. Екі қабатты 3 мыңға жуық шаршы метр аумағы бар оқу ғимараты оқушылардың оқуы мен жаттығулар, сондай-ақ мәдени және спорттық тәрбие алуын қамтамасыз етуге арналған. Мектеп 21 класқа арналған және екі ауысымда жұмыс  жасайды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқушылар мен мұғалімдерді маңызды шарамен құттықтады.

«Мемлекеттің дамуы бірінші кезекте азаматтардың білім, тәрбие, мәдениет деңгейіне байланысты. Сондықтан, кез-келген мемлекет әлеуметтік салаға назар аударады. Сіздер жақсы білесіздер, Қазақстанда бұл салада көптеген қазіргі заманғы мектеп, балабақша, ауруханалар, театрлар, спорттық ғимараттар тұрғызылуда. Мұның барлығы біздің мемлекетіміз әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы үшін бағытталуда. Бүгінгі Қазақстан – танымал, жетістікті меңгерген мемлекет, бірінші кезекте, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде болып отыр», - деді аймақ басшысы.

Мектепте кең спорттық және акт залынан бөлек, химия және биология, ағылшын тілі, кітапхана, медиатека кабинеттері бар. Бірінші қабатта 100 орындық асхана, кіре берісте кіретін турникет орналастырылған.

Абаттандырылған мектеп аумағында демалу және серуендеу алаңы, оқушыларға арналған жаттығу залы мен ойын және спорт алаңдары, жүгіру жолдары орналасқан. Ерекше қажеттілігі бар балаларға лифт пен ұстайтыны бар пандустар қойылған.

Осындай мектеп Жаңақоныс ауылында да ашылды. Оған  қазақ ақыны, публицист С.Дөнентаевтың аты берілді. Оқу ғимаратының арнайы кластарында технология бойынша сабақтар өтіп, онда тігін ас әзірлеу, ағаш пен металдарды өңдеуге арналған станоктар қарастырылған.

Мектептердің аумағында заманауи шынайы жабындар және волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары, ойын алаңдары бар.

Биылғы жылы облыс көлемінде 26 мектеп құрылысы жүргізілуде. Жыл аяғына дейін 15 мектеп беріліп, оның ішінде 9 мектеп жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істейтін болады. Салынып жатқан мектептер  14 үш ауысымды мектеп, 2 апаттық, 2 мектеп орын тапшылығын және 8 ескірген мектептердің мәселелерін шешеді.