Медицина • 31 Тамыз, 2018

Атырау облысында Конституция күніне орай 7 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

60 реткөрсетілді

Конституция күніне орай Атырау облысында 7 әлеуметтік нысан - мектеп, балабақшалар, мәдениет үйлері, жатақxаналар пайдалануға берілді.

Құрманғазы ауданы Приморье ауылында 300 орындық жалпы білім беретін мектеп ашылды. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 424 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Оған қоса, Елбасының әлеуметтік 5 бастамасы бойынша Атырауда студенттерді жатақxанамен қамту мәселесі шешілуде. Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттеріне арналған жаңа ғимарат білім күнінде пайдалануға беріледі. Бұл жерде бір уақытта 100 студент тұра алады.

Маxамбет ауданы Талдыкөл ауылында 160 орындық тағы бір мектепке дейінгі білім беретін жаңа ғимарат салынды.

Конституция күні облыста әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандар пайдалануға берілді. Индер ауданы Бөдене ауылында 100 орындық балабақша ашылды. Жыл сайын өңірде жаңа мәдени нысандар ашылуда. Бұл жолы Маxамбет ауданы Ақтоғай ауылы тұрғындары үшін 200 орындық мәдениет үйі ашылды. Ал, қала маңындағы Томарлы ауылында 400 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру Конституция күнімен тұспа тұс келді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар