Спорттық ұйым басшылары әріптестікті нығайтуға қатысты маңызды мәселелерді талқылап, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына дайындық кезеңін әңгімеледі.
Азия Олимпиадалық Кеңесінің Орталық-Азия аймағы бойынша вице-президенті саналатын Т. Құлыбаев әлемдік олимпиада қозғалысындағы аймақтың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында допингке қарсы саясат пен «таза» спортшыларды қорғауға қатысты сұрақтарға баса назар аударылды