Медицина • 03 Қыркүйек, 2018

Үздік мектепке – 22 миллион теңге

53 app.timeкөрсетілді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін облыстық Тамыз кеңесінде өңірдегі үздік мұға­лімдермен қатар аймақ­тағы үздік білім ордасы да анық­талатыны белгілі. Биыл Аягөз қаласындағы №5 орта мектеп ұжымы облыстағы жылдың үздік білім беру мекемесі атанып, өңір басшысы Даниал Ахметовтің қолынан 22 млн теңгенің сертификатын салтанатты түрде алды.

Бұл мектеп несімен өзге­ше? Өзгешелігі сол, 53 жыл­дық тари­хы бар оқу орны за­ман тала­бына сай инно­ва­ция­­лық, модификациялық құ­рал­­­дар­мен толық жабдық­­та­л­­­­­­­­­­ған. Мұн­­­­дағы түлектер ат­тес­тат­пен қатар көлік жүргізу дағ­ды­ларын да үйреніп, куә­лік алып шығады. Мүмкіндік­тері шектеулі балаларды жал­пы білім үрдісіне толық ен­­гізу және әлеуметтік бейімдеу­­ге ба­ғыт­­талған инклюзивті сы­нып­­тар да жұмыс істейді. Әри­не 22 миллион теңге аз ақ­ша емес. «Бұл қаражат қалай жұмсалады екен?» деп қызы­­ғ­ушылық таны­тып отыр­­ған жандар да жоқ деуге бол­мас. Осы сауалды біз мек­­теп ди­рек­торы Айнұр Қана­пья­нова­­ның өзіне қойдық. «Бұл қа­ражатты мектеп­тің мате­­риал­­дық-техника­лық ба­за­­сын нығайтуға жұм­­сай­­­мыз. Біз соңғы үш жыл уақыт ара­лығындағы атқар­ған жұ­мыс­тарымыздың қоры­тынды­сы­мен осындай жетіс­тікке жет­тік. Қаң­тар айы­нан бастап оқу, тәрбие, оқушы­лардың жет­­кен жетіс­тіктері, ғылыми жұ­мыс­­тарын сарап­тап, жинап сәуір айын­­да бай­қауға тап­сыр­дық. Қоры­тын­ды­сын естіг­ен­де, қуаны­шы­­мызда шек бол­ма­ды», дейді мектеп директоры.

Бүгінде мектепте 1040 бала оқиды, 105 мұғалім еңбек етеді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар