Әлем • 03 Қыркүйек, 2018

Елбасы түркі әлемінің киелі жерлері жобасын қолға алуды ұсынды

192 реткөрсетілді

Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің саммитінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің киелі жерлерін анықтап, жастар саясатын жандандыруды ұсынды.   

«Алтайдан Анадолыға, Байкалдан Балқанға дейінгі, Сахарада байырғы баһадүр бабаларымыздың іздері сайрап жатыр. Түркі халықтары үшін қасиетті ұғымдарды көзіміздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайық етіп қалдыру үшін Түркі әлемінің киелі жерлері жобасын қолға алуды ұсынамын. Жоба түркі әлемінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға зор үлес қосатынына сенімдімін», деді Елбасы.

Сондай-ақ жастар жұмысын жандандыруды Түркі кеңесінің жүзеге асыруын ұсынды.

«Жастар саясатына қатысты жұмыстарды жандандырған жөн. Жоба аясында ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізуді қарастыруға болады. Бұдан бөлек, жастардың түркі әлемін бірегей тарихи жерлерге өлкетану экспедициясын ұйымдастыруды ойластыру қажет», деді Н.Назарбаев.

 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

"Егемен Қазақстан"
 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар