Аталмыш байқауға Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда ҚІІБ-ы, аудандық ішкі істер бөлімдерінің және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Ережеге сәйкес, «Үздік жедел уәкіл» байқау-конкурсына өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайтын 16 жедел қызметкерлер қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Байқауға қатысушылар атыс, дене шынықтыру дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша сынақтарды тапсыру арқылы экстремалдық жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылыққа сынақтан өтті.
Сайыс барысында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ғани Төлебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Конкурс нәтижесімен «Үздік жедел уәкіл» номинациясы ОІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ғани Мұқановқа берілді.
Екінші орынды Қызылорда ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Бейбарыс Қалымбетов, үшінші орынды ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Мақсат Сарбасов иеленді.
Жеңімпаздар Департаменттің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.