Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2018

Қызылордалық полицейлер арасында «Үздік маман» байқауы өтті

277 реткөрсетілді

2018 жылдың тамыз айының 27-і күні жедел жұмыстың имиджін және жедел қызметтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Үздік жедел уәкіл» байқау-конкурсы өткізілді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі.   

Аталмыш байқауға Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасы,  Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда ҚІІБ-ы, аудандық ішкі істер бөлімдерінің және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Ережеге сәйкес, «Үздік жедел уәкіл» байқау-конкурсына өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайтын 16 жедел қызметкерлер қатысып, өздерінің  шеберліктерін көрсетті. 

Байқауға қатысушылар атыс, дене шынықтыру дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша сынақтарды тапсыру арқылы экстремалдық жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылыққа сынақтан өтті.

Сайыс барысында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ғани Төлебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конкурс нәтижесімен «Үздік жедел уәкіл» номинациясы ОІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ғани Мұқановқа берілді.

Екінші орынды Қызылорда ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Бейбарыс Қалымбетов, үшінші орынды ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Мақсат Сарбасов  иеленді.    

Жеңімпаздар Департаменттің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар