24 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

240 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: 1) «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу»; 2) «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау»; 3) «Валюталық операцияны тіркеу»; 4) «Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»; 5) «Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру»; 6) «Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»; 7) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»; 8) «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу»; 9) «Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу»; 10) «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»; 11) «Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»; 12) «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»; 13) «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»; 14) «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»; 15) «Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»; 16) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»; 17) «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»; 18) «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу»; 19) «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру»; 20) «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»; 21) «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»; 22) «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»; 23) «Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісін беру»; 24) «Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру»; 25) «Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»; 26) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру»; 27) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу»; 28) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу»; 29) «Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»; 30) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат»; 31) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне  аудару» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін. 2. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 14 желтоқсан.      №196

--------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасы Президентінің  2011 жылғы 14 желтоқсандағы №196 Жарлығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір Жарлықтарының

ТІЗБЕСІ

1. «Қазақстан Республикасы Ұлт­тық Банкінің мемлекеттік қыз­меттер стандарттарын бекіту туралы» Қазақ­стан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 ақ­пандағы №928 Жар­лығы (Қа­зақ­стан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №13-14, 124-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Ал­маты қаласының өңірлік қар­жы орта­лығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақ­стан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 нау­рыздағы №932 Жар­лығы (Қа­зақ­стан Республика­сы­ның ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №20-21, 151-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Қар­жы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қыз­мет­тер стандарт­тарын бекіту тура­лы» Қазақстан Ре­с­публикасы Пре­зидентінің 2010 жыл­ғы 21 қыркүйектегі №1063 Жарлығы.

4. «Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2010 жылғы 4 нау­рыздағы №932 Жарлығына өз­ге­рістер енгізу ту­ралы» Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №1145 Жар­лығы (Қазақстан Республи­касы­ның ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №16, 183-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Ұлт­тық Банкінің мемлекеттік қыз­меттер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің 2010 жылғы 24 ақпан­да­ғы №928 Жарлы­ғы­на өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің 2011 жылғы 4 наурыз­дағы №1168 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №25, 298-құжат).