Әдебиет • 05 Қыркүйек, 2018

Республикалық жас ақындар арасында өткен мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

319 реткөрсетілді

Қазақстан халқы тілдерінің  күніне орай Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының қатысуымен тіл жанашырларын  және «Елбасы және елорда» республикалық жас ақындар арасында өткен радиомүшәйраның жүлдегерлерін марапаттау, сондай-ақ жыр жинағының салтанаты тұсаукесері өтті.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР

Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастарған айтулы шараға қойғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ғалымдар қатысты. «Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Оны іске асыру үшін Үкімет жанынан Ұлттық комиссия құрылды. Үкімет 2025 жылға дейін латын графикасына кезең кезеңмен көшірудің жоспарын бекітті. Біз «Тіл-Қазына»  ғылыми-практикалық орталығын құрдық. Қазір республикамызда латын графикасына негізделген жаңа емле ережесі апробациядан өтуде. Бұл бәріміз жұмыла кірісетін ұлттық жұмыс» деді,  Мәдениет және спорт министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген болатын.

Ал республикалық жас ақындар байқауына 36 автордан 70-ке жуық материал келіп түскен. «Елбасы және елорда» жыр жинағына 36 автордың 66 өлеңі енгізілді. Ережеге сәйкес қаламгерлер өлеңдеріне Қазақстанның даму жолында Елбасының сіңірген еңбегі мен Арқа төсіндегі жас Астананың 20 жылдық мерейтойын арқау еткен.

Мүшайраға ұсынылған шығармаларды елімізге белгілі ақындар мен филолог ғалымдардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтаған.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар