Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстан университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Qyzyljar» атты  студенттерге қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады.

Солтүстік Қазақстан университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Игі шара мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен университеттің бірлесуімен жүзеге асырылды. Департаменттің басшысы Степаненко құттықтау сөзінде  құрылым бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтінін, электрондық қызметтерге басымдық берілетінін атап өттті. Мұнда қабылдау және дайын құжаттарды беру терезелері, өз-өзіне  қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Практикалық және әдістемелік көмектер көрсетіледі. Барлық жұмыс  процесі барынша оңтайландырылып, студенттер үшін уақыт  үнемдеуге, қағаз құжаттарын қысқартуға, қызмет сапасын арттыруға  мүмкіндіктер қарастырылған.

Салтанатты рәсімге қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру, жастардың  азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселелері төңірегінде ой-пікірлер алмасып, электронды қызметтерді жалпыға танымал етуге ықпал жасайтын конкурстар мен іс-шараларды жүйелі өткізудің жолдарын ортаға салды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы