24 Желтоқсан, 2011

Халық арасындағы қызу үгіт үдерістері

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан социал-де­мо­кратиялық «Ауыл» партия­сы­нан тіркелген Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қазіргі күні еліміздің әр түкпірінде ха­лық арасына барып, өзде­рі­нің сайлауалды бағдар­ла­маларын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде. Кешегі күні Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ауыл шаруашы­лы­ғы ғылымдарының док­то­ры, академик Көпмаға­м­бет Елемесов Атырау об­лы­сының Махамбет ауданында болып, аудан орталығының жұртшылығымен және ауыл адамдарымен кездесті. Кездесу барысында академик партия бағдарламасында көз­делген басымдықтарды және оларды жүзеге асыру үшін қолданылатын тетіктерді әңгімеледі. – Біз нарықтық рефор­ма­лардың қиын кезеңінен өттік. Қазақстан халқының еңбегі­нің, бай табиғи-ресурс­та­ры­мыздың және солар бойынша әлемдік нарықта қалыптасып отырған қолайлы бағаның нәтижесінде ел экономикасы аяғынан нық тұрды. Бұл ретте Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмайды. Дегенмен, халықтың тұрмысын жақсартуда әлі де ескеретін мәселелер баршылық. Міне, сол мәселелер «Ауыл» пар­тия­сының бағдарламасы мен сайлауалды тұғырнамасында айқын көрініс тапқан, – деген академик осы орайда пар­тия­ның алға қойып отырған міндеттеріне жан-жақты тоқтал­ды. Солардың қатарында елімізде күшті әлеуметтік мемлекетті нығайту, ауылдың әл-ауқатын арттыру секілді ма­ңызды мәселелер бар. – Ауылда жұмыс орын­да­рының өсуі 2,5-3 есе қам­та­масыз етілуі тиіс. Ауылдық­тар­дың кірісі айына бір адам­ға кемінде 100 мың теңгеге, ауыл дәрігерлері мен мұға­лім­дерінің жалақысы 150 мың теңгеге жету қажет, – дей келе, «Ауыл» партия­сы­ның Парламент Мәжілісінен қажетті орындарды алған жағ­дайда осы үшін күш сала­тындығын жеткізді. Жалпы, «Ауыл» партия­сының құрамында ауылдың мүд­десін көздейтін ауыл ша­ру­ашылығы қызметкер­ле­рі­мен қатар, мәдениет пен өнер­дің адамдары да аз емес. Солардың қатарында жазушы Дулат Исабековті, атақты әнші Нұрғали Нүсіпжанды айтуға болады. «Ауыл» пар­тиясының атынан Парламент Мәжілісі депутат­тығы­на кандидат болып тіркелген олар қазіргі күні осын­дай мәртебеге ие болған ауыл шаруашылығына қа­тыс­ты мекемелердің басшы­лары Сейітқазы Кешуов, Әлихан Меделбековпен бірге партияның Алматы қала­лық ұйымының сайлауалды штабында аудандық партия ұйымдарының төрағалары­мен, қаладағы белсенді азаматтармен кездесіп, мәжіліс құрды. Кездесу барысында сай­лауалды науқанды ұйым­дас­тыру мәселелері, жос­пар­лан­ған жұмыстардың орын­далу барысы және партия­ның орталық штабымен, Алматы облыстық штабы­мен жұмыстарды бір арнада үйлестіріп отыру жағдайы талқыланды. Дәл осы күні мұндай кездесулер еліміздің басқа да өңірлерінде болып өтті. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.