Ұстаздар дайындықтарын шаңдау мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалында әдістемелік кеңестер алуда. Байқауға қатысушылар № 173 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Гүлнұр Әсембаева мен Айна Әбілқасымқызы бейне-сабақтар мен дәрістерді дайындауда біраз ізденістерге баруға тура келгендігін айтады. Қазіргі кезде ұстаздар озық тәжірибелерімен бөлісу үшін ашық сабақтар, біліктілігін арттыру курстарына, семинарларға қатысып, жан-жақты ізденісте. Байқауға ұсынатын бейне-сабақтарды дайындауда тақырыптың мазмұны, маңызы мен қатар көрсетілімнің сапасы да әділқазылардың сынына түседі.
Байқау қатысушылары үшін қазіргі кезде «Өрлеудің» YouTube желісіндегі таңдаулы бейне-сабақтарымен қатар ұстаздардың біліктілігін арттыруға байланысты ақпараттары жеткілікті.
Байқау қатысушылары қажырлы еңбек, іс-тәжірибелерінің нәтижесі әділ бағаланады деген үмітте. Мұндай байқаулар бәсекелестік ортамен қатар, ұстаздарға біліктілігін арттыруға жасалған мол мүмкіндік.
Эльвира Серікқызы,
«Егемен қазақстан»
АЛМАТЫ