Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2018

Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Палата Спикері  Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, Палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелер қатары айқындалды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.

 Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Онда депутаттар Қазақстан  мен  Қырғыз Республикалары арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы Заңының жобасы ұсынылды.

Сонымен қатар Мәжіліс Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялауға байланысты заң жобасын талқыға салады.

Шарт оңтүстік бағыттағы шекараны межелеуді аяқтау құжаты болып табылады. Онда үш елдің мемлекеттік шекараларының орналасқан жері және түйісу нүктесінің координаталары айқындалды.

Ал жалпы отырыста жұмысқа қабылданатын құжаттар қатарында ратификациялауға бағытталған заң жобалары бар. Олар Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы және ТМД қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық  көріністеріне   қарсы  күресті   жүзеге  асыратын    құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімдер.