Фото: ашық дереккөз
Саланың маңызды бағыттарының бірі – отандық баспа ұйымдарын қолдау. 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес, жаңа Салық кодексі бойынша баспа түріндегі кітап өнімдеріне қосымша құн салығы 10% мөлшерде белгіленді.
Сонымен қатар, министрлік 2025 жылы «Онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі.
Ақпарат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық та қарқын дамыды. Осы жылы Түркиямен бірлесіп «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяның түсірілімі аяқталды, алғашқы Қазақстан − Қытай бірлескен жоба «Іледе күтемін…» телесериалы түсірілді, сондай-ақ Ресей Федерациясымен «Аллигатор» атты сегіз сериялы көркем телесериал әзірленді.