Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2018

Ақтөбе облысында шомылу маусымы кезінде 56 жағажай жұмыс істеді

121 реткөрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Қасым мәлімдеді. 

Оның айтуы бойынша, облыстағы суға түсу маусымы ресми түрде 1 қыркүйектен бастап жабылды. Бұған қарамастан, төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп рейдтік іс шаралар жүргізуді жалғастыруда.

«2017 жылы өңірде ерікті құтқарушылар кезекшілік ететін коммуналдық жағажайлар ашылды. Су астын тексеріп, су балдырларынан тазарта отырып, қауіпсіз аймақтарды анықтау, және оны ересектер мен балалар учаскілеріне бөлу туралы шаралар қабылданды. Бұл суда өлім-жітім жағдайын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді», - деп хабарлады Қайрат Қасым.

Жалпы алғанда, шомылу маусымы кезінде облыс аумағында 56 жағажай жұмыс істеді, оның ішінде 12 коммерциялық, 44 коммуналдық. Құтқару бекеттерінің жауапкершілігіне берілген аймақтарда барлық санаттағы халық үшін кіру тегін болған 2 ведомстволық жағажай жұмыс істеді.

«Биыл облысымызда 15 адамның өліміне алып келген, 15 қайғылы жағдай тіркелсе, оның ішінде 4 бала қаза тапты. Ақтөбе қаласында -  7 оқиға, Ырғызда – 3, Темірде – 2, Қарғалы, Мұғалжар және Ойыл аудандарында 1 оқиғадан орын алды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 31,8% төмендегені байқалады. Адам өлімі тек рұқсат етілмеген жерлерде ғана емес, сондай ақ өздерінің объектілік құтқарушылары бар жеке жағажайларда да орын алды. Бұл жерде орын алған оқиғаларға жалдамалы құтқарушылармен қатар қаза тапқандардың да кінәсі бар. Құтқарушылар өз қызметін жеткілікті дәрежеде орындамаған және өздерінің талаптарын тиісті дәрежеде жеткізе алмаған, ал демалушылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған», - деп атап өтті ТЖД басшысының орынбасары.

Профилактикалық іс-шаралар барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 12 жеке жағажайдың әкімшілік иелері мен демалушылары да жауапкершілікке тартылды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар