26 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздіктің жолы қатты, дәмі тәтті

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртазаның «Тәуелсіздіктің жолы қатты, дәмі тәтті» деп аталатын кітабын оқырмандарға ұсынып, тұсаукесерін өткізді. Аталмыш оқу орнының баспаханасы мұның алдында да өз студенттерін «Қазақтың Шерағсы» деген тағылымды кітаппен қуантқан болатын. Қалалық Мәдениет үйінде өткен тұсаукесерде студенттер өз өлеңдері мен жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды. Кездесу барысындағы өзіне деген, өзі бақытты өмір сүріп жатқан елген деген ықылас пен пейілге толқыған Шерхан Мұртаза: - Біздің ата-бабаларымыз өз елі, өз жеріндегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған осындай заманды ғасырлар бойы армандап, аңсап өткен. Міне, біз сол бейбіт заманды өз көзімізбен көріп, тыныштықпен өмір сүріп отырмыз. Өз еліміз, өз басшымыз бар. Басшымыз - ел тыныштығының кепілі. Ел ертеңі – жастар сол тыныштықты көздерінің қарашығындай сақтай білуі керек. Талай ғасырлардан кейін табысқан тәуелсіздігіміздің тұрғыры мықты болсын!! – деп бата берді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы