Өнер • 10 Қыркүйек, 2018

Миллиондаған көрермен тамашалайды

40 реткөрсетілді

Сандықтау ауданында тұңғыш рет «The NOMADS» экстремалды реалити-шоуының түсірілімі басталады. 

«Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының дерегі бойынша түсірілім Балқашин ауылының маңында жүзеге асы­рылмақ. Жұмыртқадай жұтынған ақшаңқан киіз үйлер­ден тұратын шоқ жұлдыздай шағын ауыл салуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде, бұл жерде аталмыш шоуды түсіру үшін арнайы қалашықтың құрылысы басталып та кетті. Жобаны Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Kazakh TV» және «Хабар агенттігі» акционерлік қоға­мының тапсырмасы бойынша «Тенгри Плюс IS» серіктестігі жүзе­ге асырмақшы. Жақсы іске Ақмо­ла облысы мен Сандықтау ауда­нының әкімдіктері қолдау білдіруде.

– Елімізде бұрын-соңды дәл осындай ауқымды жоба бол­ған емес, – дейді жобаның авторы және бас продюссері Елена Гомер. Бұл телевизиялық жобаға әр елден жиналған екі команда 5 миллион теңге ақшалай сыйақыға таласатын болады. Жобаның режиссері мәскеулік Кирилл Кузин. Жобаға шетелдік кез келген мамандық иесі қатыса алады. Жоба жүргізушілері қазақ­стандық былғары қолғап ше­бері, Олимпиада чемпионы, «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клу­бының бас менеджері Бақтияр Артаев және «Kazakh TV» теле­арнасының халықаралық ақпа­раттар және ағылшын тіліндегі жаңалықтары бөлімінің басшысы Ләззат Шатаева.

Жобаны «Kazakh TV» телеарнасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 4 құрлық, 118 ел, 600 қонақүйде 300 мил­лион көрермен көреді деп жос­парланған.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы,

Сандықтау ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар