Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2018

V халықаралық кітап фестивалі аясында оқырмандар бес мың кітаппен алмасты

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Астана» алаңында қала әкімдігі мен «Baurzhan Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен өткен «KITAP FEST 2018» халықаралық кітап фестивалі аясында  кітапсүйер қауым жаңа авторлармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

V  халықаралық кітап фестивалі аясында оқырмандар бес мың кітаппен алмасты

Бұқара арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, отандық қаламгерлер шығармаларын насихаттауды мақсат ететін мәдени шараға елімізге танымал тұлғалар, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Фестиваль алаңында отызға жуық баспа және кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынды.   Ал кітап мерекесінің маңызды бөлігі әрі кітап оқырмандарына жеке кітапханасындағы кітаптарымен алмасуға мүмкіндік беретін  IBOOKYOUSWAP  аясында бес мыңдай кітап жиналды.

«Жазушылар шаңырағында» көрме қонақтары Олег Червинский, Хаким Булибеков, Jan Amany, Наталья Махно, Алмаз Шарман және т.б. авторлардың жаңа  кітаптарымен танысып, «Кітап Оффлайн» бөлімінде танымал тұлғалар және журналистермен кездесті, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ал «Аруна» баспа үйі балаларға арналған «Кітаптар қалай пайда болады?» деген тақырыпқа ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.

Демалыс күніне орайластырылып өткізілген мәдени шарада барысында қала тұрғындары мен қонақтары ерекше көңіл-күйде болды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ