Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Қызылордада балық аулау көлемі көбейді

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Қызылорда облысында жылдық қуаты 11 мың тонна болатын сегіз балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.

Қызылордада балық аулау көлемі көбейді

Өткен жылдың өзінде Аралдан сегіз мың тоннадан астам балық аулаған екен. Өңделген балық өнімінің жартысы бүгінде ТМД және Еуропа мемлекеттеріне экспортталып жатыр.

Атап айтқанда, Арал балығы Түркия, Германия, Дания, Латвия елдерінен бөлек Қытай нарығында саудаланады.

Балық көлемінің бұлайша артуы Елбасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан САРАТС жобасының арқасында мүмкін болып отыр.

Негізгі 8 компоненттен тұратын «Ғасыр жобасының» бүгінде екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Қашқан теңіз орнын толтырмағанымен сауықтыру шаралары жемісін осылай жегізуде.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы