27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1318

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 10 қараша,    Астана, Үкімет Үйі «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі №601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі №601 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №24, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.