Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2018

Жетісулықтар 70 өнерпаздың өнерін тамашалайды

97 реткөрсетілді

«Астананың аймақтардағы мәдени күндері» аясында Алматы облысында елордадан арнайы келген өнерпаздардың концерті және түрлі мәдени шаралар өтеді.

Жалпы, Астана қаласының мәдени күндері түрлі шараларға толы болмақ. Мысалға, Талдықорған қаласында «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі ашылып, қылқалам шеберлерінің  туындылары көрермен назарына ұсынылды. Ал «Қорқыт» тобы мен «Шалқыма» ансамблі де қала тұрғындарына әннен шашу шашпақшы.

Шараның алғашқы тұсаукесері «Астанадан ақ тілек» атты  концерттік бағдарламамен бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өтпекші. Мұнда елордалық 70 өнерпаз жетісулықтар үшін өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, ертең «Жыр атасы Қабан жырау» атты концерт дәл осы мәдениет ошағында шымылдығын түреді. Ал мәдениет күндердің бағдарламасы бойынша Астана театры Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының сахнасында бірнеше драмалық қойылым ұсынады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Кеше

Ене мен келін

Қоғам • Кеше

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар