27 Желтоқсан, 2011

Жаңа мектепте – Жаңажылдық шырша

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде тәрбиеленушілерді мерекелік қабылдау рәсімі өткізіледі. Биыл ұландықтарды құттықтау жуырда ғана ел Президенті ашқан жаңа мектептің қабырғасында жүзеге асырылды. Салтанатты шараны Қор­ға­ныс министрінің бірінші орын­басары – Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, генерал-полковник Сә­кен Жасұзақов ашты. Ол болашақ Отан қорғаушыларды келе жат­қан Жаңа жыл мерекесімен құт­тықтап, жаңа жылда жаңа парталарда отыратындықтарын және де мұның ең тамаша сыйлық екендігін атап өтті. – Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күште­рі­нің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқор­лы­ғының арқасында әскери институттар мен мектептерде жо­ғары дәрежелі оқытушылар білім беруде, онда оқу-материалдық ба­засы мен заманауи стандарт­тарға сай жағдайлар жасалған, –деп атап өтті генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Мектепті бітірген көптеген түлектер жоғары әскери білім алып Қазақстан армиясының са­пында офицерлік қызмет атқа­ру­да. Қорғаныс ведомствосы бас­шы­сының бірінші орынбасары бүгінде осы шараға қатысушы балалардың көпшілігі ертең-ақ алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, халық сыйлайтын әскери қызметкер мамандығын таңдай­тындықтарына сенім білдірді. Болашақ әскери қызмет­кер­лер­ге сыйлықтар тапсырылды. Салтанатты жағдайда Аяз Ата және Ақшақармен бірге олар жаңажылдық шыршаның отын жақты. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.