27 Желтоқсан, 2011

Еңселі ел, мерекеңмен!

636 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қазақстан, Қазақ елі – жүздеген ұлттар­дың ынтымақпен өмір сүруіне жағдай жасап отырған құт мекен. Тағдыр талайымен шаңы­рағымызға келген осынша этнос өкілдерінің қазақ жұртымен бірге бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай бейбіт қатар  өмір сүруіне  мемлекетпен қатар, үкіметтік емес ұйымдар да аса мүдделі әрі олардың бұл үдеріске қосып отырған үлесі де ерекше.    Әркім өз білгенін жасап, аққу көкке, шортан көлге, шаян жерге тарт­қан жағдайда береке болмайды. Үкіметтік емес ұйымдардың басындағы кеп те осыған келеді. Оңтүстікте бұл мәселе оңтайлы шешіліп келеді. Өмірінің саналы шақтарын облыста жауапты салаларда өткерген «Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстық азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар ассоциациясының төр­айымы Клара Әліпова облыстық үкіметтік емес ұйымдардың басын бір шаңыраққа қосып, ел игілігі үшін жемісті жұмыс атқарып келеді. Біз ассоциацияның бірлесіп атқарған жұмыстарын сараптап, баға­лап көрдік. «ОҚО азаматтық Альянсы» 2011 жыл­дың 1 маусымынан бастап еліміз Тәуел­сізді­гінің 20 жылдық мерейтойына арнап «Шым­кент – менің сүйікті қалам» атты акциясын бастаған-тын. Фестиваль ая­сында «Менің аулам», «Менің Отаным», «Менің үйім», «Менің көшем», «Қаланың ең озық ауданы», «Үй салсаң, тал отырғыз», «Таза су – таза сезім», «Артықты сылып таста» тақырып­тарында байқаулар ұйымдастырылды. Шымкент қаласының барлық тұрғындары қатысып, жеңімпаздар қала күніне орай өткізілген іс-шарада марапатталды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  66 жылдығына орай  «Ерлік даңқы өшпейді»  ұрпақтар сабақтастығы  облыстық фес­тивалінің аясында «Жерлес батыр­лары­мызға тағзым», «Жасыл жапырақ»  сенбіліктері облыстың барлық аудан, қала­ларында өтті. Сенбілік барысында ҰОС жауынгерлеріне арналған 78 ескерткіш,  обелискілер тазала­нып, 538 ардагердің тұрғын үйлеріне ағым­дағы жөндеу, аула­ларына тазалық жұмыс­тары жүргізілді. Сонымен қатар, акция аясында сәуір-мамыр айларында өткізілген сенбіліктерде 5 мыңға жуық  қылқан жа­пырақ, 17 мыңнан аса жеміс ағаштары көшеттері отырғызылды.  Соғыс, тыл, еңбек ардагерлеріне «Қазыналы қарттарым» мерекелік іс-шаралары аясында жан-жақты мате­риалдық, моральдық қолдаулар көрсетілді. 2011 жылғы 10 тамыз күні  «Қазақстан Республикасының Конституциясы – үкі­мет­тік емес сектор дамуының кепілі» атты ең үздік жарияланымдар конкурсы ұйым­дас­­ты­рылды. Конкурстың ережесіне сәй­кес  қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері және жеке азаматтар қаты­сып, арнайы құрылған комиссияның шешімімен жеңім­паз деп танылған қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері ба­ғалы және қаржылай сыйлық­та­р­мен марапатталды. «26 маусым – Халықаралық есірткімен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне» орай облыстық балалардың құқық­тарын қорғау департаменті облыс­тық сала­матты өмір салты орталығымен бірлесіп «Есірткісіз әлем» акциясын өткізді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университетінің Студенттер ассамблеясының  ұйымдастыруы­мен  1 ма­мыр Қазақстан халқының бір­лігі күніне орай «Ел – ынтымағымен ырысты!» интернационал отбасылар фестивалі өтті. Фестивальге 24 этнос өкілі қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 2011 жылғы 6 шілде күні Шымкент қаласындағы «Орталық» саябақта «ОҚО азаматтық Альянсы» және облыстағы қо­ғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруы­мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығына орай «Еңселі ел, меркеңмен!» республикалық акциясын ұйымдастырды. 1 маусым – Балаларды қорғаудың ха­лықаралық күніне орай, облыстың барлық аудан, қалаларындағы мүгедек балаларды оңалту орталықтары мен мектеп-интер­наттарында қайырымдылық көмектер мен мерекелік іс-шаралар, спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, «Тәуел­сіздік – балалар көзімен», «Әлемді балалар көзімен қарасақ», «Мен өмір сүріп жатқан әлем» асфальтқа сурет салу байқауы мен көл жағалауына «Құмнан қалашық жасау» атты байқау ұйымдас­тырылды. Жалпы іс-шара­ларға  10 мыңнан астам адам қатысты. 4 маусым – Қазақстан Республика­сының Рәміздер күніне орай Шымкент қа­ласын­дағы «Тәуелсіздік» монументі мен «Мемлекеттік рәміздер» алаңында «Менің Қазақ­станым» патриоттар форумы болып өтті. Іс-шара «Ордабасы» алаңындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсі­мі­мен басталып, мерекелік іс-шараға жи­налған қалың көп­шілік жақында ғана пайдалануға берілген баспалдақты көпір арқылы «Мемлекеттік рәміздер» алаңына жиналды. Іс-шара барысында 10 баланы дүниеге әкелген, өнегелі тәрбие беріп отырған Батыр анаға, егіз балаларды өмірге әкел­ген аналарға, үлкен өмірге бірге қадам басып, шаңырақ көтерген жас жұбайларға арнайы куәліктер мен кәмелет жасқа толған жас­тарға Қазақстан азаматының төлқұ­жат­тары тапсы­ры­лып, сыйлықтармен марапаттал­ды. Аудан, қалалар мен об­лыс аумағында ор­на­л­ас­қан барлық әске­ри бөлім­дер­де Рә­міз­дер күніне арнал­ған «Бұл біздің – Ту, бұл біздің – Елтаңба, бұл  біздің Ән­ұран», «Мен елімнің пат­риоты боламын», «Рә­міздер – ел рухы, мақтанышы», «Рәміздер – Тәуелсіздік негізі», «Біз тәуелсіздік құр­дастары – әрқайсымыз кемінде бір жақ­сылық жа­саймыз», «Мемлекеттік рә­міз­дерді құр­мет­теу – жастар міндеті» іс-шаралары өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық діни істер, ішкі істер депар­таменттерінің арасында «Оңтүстік Қазақ­стан облысында діни экстремизм, терроризм көріністерінің таралуының алдын алу мақсатында 2011 жылға арналған Шымкент қаласы бойынша орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы кітапхана қорларының діни әдебиеттерімен танысу жұмыс жос­пары» бекітіліп, 38  білім беру мекемелеріндегі кітапхана қорларының діни әдебиет­терімен танысу жұмыстары жүргізілді. Облыс орталығындағы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің жанындағы діни дү­кендердегі бейне және аудио таспалар сараптамадан өткізілді. Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар­дың жұмысын жандандыру және қолдау мақ­сатында мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыс шеңберінде «Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстық үкіметтік емес ұйымдарының  ақпараттық-ресурстық орталығының» қыз­метін ұй­ымдастыру  бойынша іс-шаралар» тақыры­бына 1 лот арнады. Конкурс нәтижесінде жеңімпаз деп танылған «Азаматтық Альянс» қауымдастығы об­лыстың 7 аудан, қала­ларында «Ақпарат­тық-ресурстық орталық­тар» ашып жұ­мыстар атқаруда. Сонымен қатар, облыс­тық ішкі саясат басқармасының қолдауы­мен облыс орталығында 2 «Ақпараттық-ресурстық орталық» жұмыс жасайды. Оңтүстікте үкіметтік емес ұйымдар­дың арқасында осындай іргелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы. Суретте Клара ӘЛІПОВА.