Дмитрий Алексанин университеттің дене шынықтыру және спорт бөлімінің үшінші курсында оқиды. Индонезияда өткен жазғы Азия ойындары олимпиадасында жерлесіміз өте жақсы өнер көрсетті.
– Дмитрийдің жеңісі – ол біздің жеңісіміз. Ол өзінің еңбекқорлығы, талмай тынымсыз жаттығуының арқасында осындай биіктен көрінді,–деді университет басшысы Сағынтай Елубаев.
Спортшы болса алғысын айтып, өзінің жеңіске жетуге деген ынтасы мен жеке өмірінің кейбір сәттерін, үлкен спорттың тынысын құрбыларына кеңінен айтып берді.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы