Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

465 реткөрсетілді

Ақтөбеден шығатын «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы өзінің тұңғыш саны шыға бастағанына екі жыл толуына орай әдеби шығармалар бәйгесін жариялайды. Байқауға қазақтың барлық қаламгерлері мен әдебиетке талпынып жүрген жастары түгел қатыса алады.

Бәйгенің адал мұраты — ұлттық әдебиетіміздің күні бүгінгі ең озық шығармаларын, ең дарынды қаламгерлерін анықтау және ұлықтау, қазіргі әдебиеттің дамуына, көркейе түсуіне демеу болып, әдебиеттегі қазіргі оң өзгерістерді, жаңа, жасампаз бағыттарды мейлінше қолдау, қазақ әдебиетінің қоғамдағы ізгі әсерлерін нығайтуға сеп болу, қазақ көркем ойының еңсесін биіктету, жаңарып жатқан қазақы ұлттық ой-сананың, шынайы рухани түлеудің күшейе түсуіне шынайы үлес қосу.Бәйгенің жүлде қоры — 3 000 000 (үш миллион) теңге.Бас жүлде — 2 000 000 теңге, арнаулы сыйлық.Бірінші жүлде — 1 000 000 теңге, арнаулы сыйлық. Екінші жүлде — 500 000 теңге.Үшінші жүлде — 300 000 теңге.Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) — 100 000 теңгеден.Бәйге номинациялары:

1.Үздік өлеңдер топтамасы, поэма.

2.Үздік әңгіме, хикаят, роман.

3.Үздік әдеби сын, эссе.

4.Үздік драма.

Бәйге 2018 жылғы қазан айының 1-нен 2019 жылдың 15-наурызына дейін өткізіліп, сыйлық тапсыру рәсімі 2019 жылғы Наурыз мерекесі қарсаңында, наурыздың 20-сы күні Ақтөбеде өткізіледі.

Бәйгеге қатысушылар биылғы қазан айының 1-нен бастап шығармаларының электронды нұсқасын «Адырна» журналының электронды поштасына (adyrna2016@gmail.com) жібереді.

Көркемдікке қойылатын шарттармен қатар редакцияның тағы бір шарты — редакцияға автордың «Адырна» журналына 2019 жылға толық жазылғандығын растайтын, почта белгісі соғылған түбіртекті қоса жолдау (эл. нұсқасы мен түпнұсқа көшірмесі). Онсыз шығарма бәйгеге жіберілмейді.

Шығармамен, түбіртекпен бірге автор туралы қысқаша дерек пен мекен-жайы туралы айқын мәлімет берілуі тиіс.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар