Әлем • 18 Қыркүйек, 2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

230 реткөрсетілді

Бүгін Оңтүстік Корея уақытымен сағат 3-тен 45 минут кеткенде екі елдің арасындағы 3-ші саммит басталды. Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чже Ин Солтүстік Корея еліне таңертеңгі сағат 10-да ұшып келді.

Оңтүстік Кореяның президенті Ким Дэ Чжун, Но Му Хеннен кейін 11 жылдан соң президент Мун Чже Ин қайталап Солтүстік Корея жеріне қадам басты. Солтүстік Кореяға түбектің тыныштығы мен бейбітшілігін қалап келген Оңтүстік Корей елінің үш президенті Ким, Но, Мун -  «Демократиялық партияның» өкілдері. Бұл корей еліндегі саясаттың өзгеше бір қырын байқатады.

Бұл жолы Мун Чже Ин мен оның жұбайы Ким Чжон Сук ханымды Ким Чжон Ын төраға мен оның жұбайы Ри Соль Чжу ханым қарсы алды. Екі елдің басшысы бұрынғы білетін адамдардай бір-бірімен емен-жарқын амандасып сөйлесті. Бір-біріне жол бергендерінен - екі елдің басшыларының достығы жараса бастады деп айтуға болады. Ұшақтан түскен Мун Чже Инді Пхеньян халқы әуежайдан бастап көше бойы қол бұлғап қарсы алған сәтте, қолдарына екі елдің туы мен түбектің тұтастай салынған картасы мен гүл шоқтарын ұстап шықты. Мун мен Ким мырза Ким төрағаның көлігіне отырып, Пхеньянды аралап, халықтың қошаметіне бөленіп, Ким төраға мен өзін қуана қарсы алған Солтүстік халқына  шексіз алғысын жеткізді.

Бүгінгі саммиттің 1-ші отырысы сағат 3 тен 45 минут кеткенде басталды. Ол екі сағатқа созылды. Талқыланған мәселер туралы екі елдің үкіметі хабарлайды. 2-ші отырыс 19 күні таңертең жалғасады. Әсіресе, осы 2-ші саммитте түбекті ядролық қарудан арылту мәселесі толықтай қарастырылады деп күтілуде. Одан басқа да бүгін белгілі болған ақпарат бойынша екі елдің арасында бір-бірінен айырылып, көз жазып қалған отбасыларды қайта табыстыру мәселесін талқылау жұмысы қосылды. Сонымен қатар Солтүстік Кореядағы адам құқықтары, яғни әйел мен бала құқығы да сөз болады.  

Саммиттің өтетін жері өте маңызды жер. Бұл жер ешқашан ешбір әлемдік телеарнадан көрсетілмеген ғимарат. Оның аты  - «Чосон Еңбек партиясының бас ғимараты». Корей тілінде – «조선노동당본부청사» деп жазылады. Бұл ғимарат Ким төрағаның ресми резиденциясы. Осы жолы екі елдің бейбітшілікке бастайтын саммитін Ким Чжон Ын өзінің резиденциясында арнайы өткізуі – екі елдің достығы бұрынғыдан қарағандай біршама жақындай бастағандығын айғақтайды. Бұған дейінгі саммиттер мен кездесулер бұл маңызды ғимаратта аталып өткен емес. Осы ғимаратқа ат басын тіреген Мун Чже Ин естелік сөзі мен өз тілегін «Естелік кітабына» жазып қалдырды. Ол сөздің мағынасы «Бейбітшілік пен Өркендеу, Ұлттың жаны бір» - «평화와 번영, 겨레의 마음 하나다» деген сөз жазды. Осындағы «Ұлт» деп алған сөз ескі көне сөздің бірі. Аталмыш сөздің мағынасы терең. Корей тілінде «Кёре» деген сөздің мағынасы бір атадан тараған ұлт деген мағынаны береді. Ғалымдар «Мун Чже Ин бұл сөзді сапардан бұрын ойланып барып жазғандығы көрініп тұр» деген пікірлерін  білдіруде.

Өзінің бас резиденциясында Мун Чже Инді қарсы алған Ким Чжон Ын «Аз да болса көптей көріңіз, біраз жетіспеушіліктеріміз бар, шамамыз келгенше бәрін жасап, күтіп алуға дайындалдық» деген жүрек жарды ойын ашып айтып салды. Бұл Ким төрағаның сөзінен Солтүстіктің басшысының ашықтығы мен өз елінің экономикалық әлеуеті Оңтүстік Корея елінің экономикасымен салыстыруға келмейтіндігін аңғартады. Екі елдің арасындағы кездесулердің дені мүмкіндігінше тікелей эфирде күнделікті Оңтүстік пен Солтүстік еліне көрсетіліп жатыр.

Дастан АҚАШ,

Арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

Оңтүстік Корея, Сеул қаласы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар