huffingtonpost.com
Сол келіссөздер нәтижесінде New York Times-тің материалдарын көшіріп басу құқығына қол жеткізіп, арнайы меморандум жасадық. Соның негізінде журналистиканың биік шыңы саналатын Пулитцер сыйлығын 125 рет алған New York Times газетінде жарық көрген колумнистер мен сарапшылардың ең таңдаулы мақалалары мен пікірлерін, сараптамалары мен шолуларын egemen.kz сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасында жариялап қана қоймай, қазақ тіліне де аударып, қалың оқырманға ұсынуды бастап отырмыз.
Бұл қадам еліміздегі медиа кеңістіктің аясын кеңейтіп, жұртшылықтың сапалы ақпарат көздеріне деген қолжетімділігін арттырады деп ойлаймыз. Сонымен қатар отандық баспасөзге стильдік, мазмұндық және тілдік тұрғыдан тың серпіліс әкеліп, жалпы қазақ журналистикасының дамуына оң ықпалын тигізетініне сенімдіміз.
Газетіміздің бүгін қолдарыңызға тиген санындағы арнаулы бетте әлемге әйгілі New York Times-те басылған материалдардың алғашқы легі жарияланып отыр. Арнаулы бет алдағы уақытта апта сайын тұрақты түрде шығатын болады.
Құрметпен,
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ