Білім • 19 Қыркүйек, 2018

Табысты болудың кепілі

708 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Табысты болудың кепілі

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы ұлттық тәрбие беруді талап етеді. Ұлттық тәрбие жас ұрпаққа отбасы, бала­бақша, мектеп арқылы бері­летіні анық. Қазір мектептерде Абай мұраларын насихаттау, жергілікті ақын-жазушылар шығармалары мұраларын оқушыға жеткізу, би-шешендердің нақыл сөз­дері мен күйшілік өнерді дәріп­теуге арналған сабақтар, қолдан­балы курстар, сыныптан тыс жұмыс­тар жүргізілуде. Біз бұл құн­дылықтарды өзгермелі заманға лайықты оқытып, ұрпақ игілігіне айналдыруымыз керек. Білім беру саласы үнемі ұлттық сипатпен байытылса, жас ұрпақтың бойынан іргелі ел болуға лайық­ты қасиеттер табылар еді.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында мектептегі іс-шаралардың қатарына сыныптан тыс өлкетану сабақтарын, қолданбалы курстарды атауға болады. Мәселен «Маңғыстау әдебиеті», «Маңғыстау тарихы», «Маңғыстау географиясы» оқулықтары оқушылардың таным көкжиегін арттырып, жергілікті өңірдің құндылықтарын еске­руді нығайта түсуде. Былтыр құрыл­ған «Абай әлемі» клубында данышпан ақынның шығармаларын 3 тілде оқып-үйрену жалғасуда. Сондай-ақ би-шешендік өнердің қазіргі өмір­мен байланыстылығы дәріп­телуде.

Жаңа ғасыр, жаңа заманда кім жақсы жұмыс істейді, кім мамандығын жетік меңгереді, жаңалыққа қалай тез қол жеткі­зеді, соның жолы болмақ. Қазір­гі білім – ұлттық рухани құн­дылықтарға негізделген білім. Сондықтан қоғамдық сананы жаң­ғыр­туға бағытталған идея уа­қыт талабы мен ел дамуының та­рихи кезеңіне сай шешім болды.

Бүгінгі Қазақстан дамуының кепілі – білім. Бұл тек ұлттық бірлік жағдайында ғана жүзеге асады. Елбасы өмірімізге дендеп еніп жатқан ғаламдық жаңа­лықтарға дайын болу керек­тігін, жайбасарлықтан арылу керектігін айтып, білім мен ғылым­ды игеруге үндеп отыр. Ал біздің жастарымыздың білімге деген ұмтылысын әркез байқауға болады. Яғни, әлеуеті мықты жас­тарға тек дұрыс бағдар керек.

Анар ТӨЛЕУОВА, 

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Маңғыстау облысы,

Түпқараған ауданы