Кино • 19 Қыркүйек, 2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды

226 реткөрсетілді

Кинематография туралы жаңа заң жобасында фильмдердің прокат тілі мәселесіне айрықша мән берілді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет «Кинематография туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл кинематографияның дербес тынысын ашатын мәдениет саласындағы алғашқы заң. Заңның қабылдануы Қазақстан кинематография тарихындағы маңызды оқиға болады деп сенемін», - деді А. Мұхамедиұлы. 

Министрдің айтуынша, заң жобасында фильмдердің прокат тілі мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. 

«Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет «Кинематография туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл кинематографияның дербес тынысын ашатын мәдениет саласындағы алғашқы заң. Заңның қабылдануы Қазақстан кинематография тарихындағы маңызды оқиға болады деп сенемін», - тоқталды министр. А. Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, заң жобасында фильмдердің прокат тілі мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. «Бүгінгі күні қолданыстағы «Мәдениет туралы» Заңның фильмдерді қазақ тіліне міндетті түрде дубляждауға қатысты бабы декларативті болып табылатыны белгілі. Елге 300-ге жуық шетелдік фильмдер әкелінеді және олардың барлығының прокаты қазақ тіліндегі нұсқасыз жасалады. Ол көптеген себептерге байланысты. Егер халықаралық тәжірибеге жүгінсек, Қытайда, АҚШ-та барлық фильмдерді түпнұсқа тілінен аудиторияның тіліне субтитрлермен қамтамасыз ету міндетті шарт болып табылады. Сондықтан біз қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсындық - бұл дубляж, не субтитрлеу, не фильмдерді кадрдан тыс аударма жасау. Бұл жалға беру тілі бойынша нормаларды толыққанды іске асыруға мүмкіндік беретін ең қолайлы және тиімді тетіктердің бірі деп санаймыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарттарым, аман-саумысың?

Руханият • Бүгін, 15:21

Жастар белсенділігі жоғары

Қазақстан • Бүгін, 10:37

Тиімді үнқатысу үзілмейді

Қазақстан • Бүгін, 10:34

«Хат қоржын» (18.06.2019)

Қазақстан • Бүгін, 10:24

Іске сәт, жас маман!

Қазақстан • Бүгін, 10:22

Күнә – иесін қорлайды

Қоғам • Бүгін, 10:16

Жасампаз дәуірдің жарқын сәті

Президент • Бүгін, 10:12

Жарқын болашақ жолында

Президент • Бүгін, 09:54

Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды

Аймақтар • Бүгін, 09:42

Бір үзім нан

Қоғам • Бүгін, 09:21

Нарынның Нариманы

Аймақтар • Бүгін, 09:19

Суретшілер Таразда бас қосты

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Сахнаның сәні – «SAMGAU»

Руханият • Бүгін, 09:16

Құттықтаулар жалғасуда

Президент • Бүгін, 09:06

Таралым аз, жарнама жеткіліксіз

Руханият • Бүгін, 09:02

Ұқсас жаңалықтар