Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018

Мәжіліс: кинематография туралы заң жобасы I оқылымда мақұлданды

138 реткөрсетілді

Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

Депутаттар Кинематография туралы және оған ілеспе Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.       

Кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін дербес салалық заңды қабылдау ұлттық фильмдердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кинокөрсетілім қызметінің халыққа қолжетімді болуына, киноиндустрияның ашықтығы мен инвестициялық тартымдылығына, шетелде қазақстандық кино мәртебесінің өсуіне және оны мойындауына заңнамалық деңгейде жағдайлар жасау үшін қажет.

Сонымен қатар, жекелеген заңды тұлғалардың жұмыс істеуі арқылы ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдерді және олардың бастапқы материалдарын сақтау жолымен ұлттық кинематографияны қолдау да көзделеді.        

Заң жобасы талқыланған жалпы отырыста Палата Төрағасы киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасап, оның инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Н. Нығматулин киноиндустриясы бизнес желілерінде болса, бюджетке айтарлықтай кіріс әкелуі мүмкін екендігін жеткізді.

Кинематографиясы саласындағы басты проблемаларға тоқталған Мәжіліс Төрағасы бүгінгі күннің өзінде кейбір ірі қалаларда бірде-бір кинотеатр жоқ екендігіне назар аударды.

Кинематография туралы заң жобасын әзірлеу барысында  депутаттар тарапынан біршама ұсыныстар енгізілді. Олар балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңға сәйкестендіріп, фильмдердің жасқа қатысты классификациясы бойынша, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кинематография туралы заңнаманы ұстану бойынша мемлекеттік бақылауды жүргізу жөнінде толықтыру және қазақ тілінің тазалығын сақтау, оның дамуына, қолдану аясын кеңейту мақсатында, фильмдердің прокаттау тілі жөніндегі нормаларға да толықтырулар және басқа да бірқатар түзетулер енгізді.

Заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы еліміздің кинематография саласын мемлекеттік қолдау алғаш рет құқықтық негізге ие болғанын, бұл қазақ киносының дамуы мен сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап айтты.

Палата отырысында Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын жұмысқа алды.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар Ә.Сапарова, Г.Баймаханова, К.Абсатиров, Б.Дүйсенбинов, Д.Еспаева, А.Қожахметов, А.Жамалов, М.Магеррамов, Ж.Дүйсебаев, Ш.Нурумов.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар