24 Ақпан, 2010

БӘСЕКЕНІҢ БЕЛ ОРТАСЫ

1094 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бүгін Швей­цария мен Беларусь, Чехия мен Латвия, Словакия мен Норвегия және Канада мен Германия кездеседі. Жеңімпаздардың жол­дары ширек финалда тоғысады. 26 мен 27 ақпанда жартылай финалдық матчтар өтсе, жүлде­герлер мен жеңімпаз команда 28 ақпанда анықталады. Ванкуверде жалауы желбіре­ген ХХІ қысқы Олимпия ойын­дарының бағдарламасы бойынша кеше төрт медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Соның екеуін­де Қазақстанның спортшылары күш сынасты. Шаңғыдан коман­далық спринтте ел намысын Николай Чеботько мен Алексей Полторанин қорғады. Жартылай финалдан іркіл­мей өткен отан­дастарымыз ақтық айқаста жан­кеш­тілік танытты. Бәсеке бел ортаға жеткенде олар алғашқы үштікке енді. Сол сәтте барша­мыздың кеуде түкпірімізде “бәл­кім қоржы­ны­мыз­ға тағы бір медаль түсер” деген үміт оты жылт етті. Алайда шешуші сәтте қарсыластар қарқынын күшей­тіп, үш команда бізден озып кетті. Бұл бәсекеде Норвегия бас жүлде алса, Германия мен Ресей күміс пен қолаға қол жеткізді. Канада мен Қазақстанның шаң­ғышылары көмбеге бірдей жетті. Қайсы озып, қайсы қалып қойғанын фотофиниш анықтады. Бұл ретте жарыс қожайындары­ның жолы болды. Осылайша Николай Чеботько мен Алексей Полторанин бесінші орынды иеленді. Әйелдер ара­сын­дағы спринттік сайыста Оксана Яцкая мен Елена Коло­ми­на өнер көрсетті. Алайда олар ба­бында болмай шықты. Нәтижесінде желестеріміз жартылай финалдан аса алмады. Бұл тартыста Герма­ния, Швеция және Ресей құрама­лары жеңіс тойын тойлады. Спорттық бидің жұптық бәсеке­сінде әу баста көш бастаған ресей­лік Домнина мен Шабалин қоры­тынды есепте үшінші сатыға сыр­ғып түсті. Канадалық Виртю мен Мойр және амери­калық Дэвис пен Уайт олар­дың алдын орап кетті. Шаң­ғы­мен тұ­ғыр­­дан се­­кірудің команда­лық сай­ы­­сын­да Ав­с­трия ал­дына жан сал­ған жоқ. Германия мен Норвегия екінші және үшінші тұ­ғырда. Шайбалы хоккейден топтық бәсекелер өз мәре­сіне жетті. “А” то­бында АҚШ алдына жан сал­ма­ды. Америкалықтар Ка­на­да, Швей­цария және Норвегиядан озды. “В” тобында алғашқы матчта Ресейдің бағы жанды. Олар Сло­вакиядан ұтылғанымен, Латвия және Чехия құрамаларынан басым түсті. “С” тобында Шве­ция құрамасының айдарынан жел есті. Олар Финлян­дия, Бе­ла­русь және Германия­ны тізе бүк­тірді. Ереже бойынша әр топта дара шыққандар және екінші орын алғандар арасында ең көп ұпайға иелік еткен команда ширек финалға бірден жолдама алды. Олар – АҚШ, Швеция, Ресей және Финляндия. Ал қалғандары өзара бәсекеге түсіп, төрт жол­дама үшін таласады. Бүгін Швей­цария мен Беларусь, Чехия мен Латвия, Словакия мен Норвегия және Канада мен Германия кездеседі. Жеңімпаздардың жол­дары ширек финалда тоғысады. 26 мен 27 ақпанда жартылай финалдық матчтар өтсе, жүлде­герлер мен жеңімпаз команда 28 ақпанда анықталады. Командалық сайыста Герма­ния АҚШ-ты қуып жетті. Қос ко­манда жеті алтыннан олжала­ғаны­мен, алғашқылардың күмісі көбірек. Соның нәтижесінде немістер алға шықты. Көш ба­сын­дағы құрамалардан бір алтын кем алған Норвегия үшінші сатыға табан тіреді. Канада мен Швейцарияның әнұраны Ван­кувер көгінде бес реттен шыр­қал­ды. Бір күміс медальды иеленген Қазақстан құрамасы 24-орында келеді. Ғалым СҮЛЕЙМЕН, арнайы “Егемен Қазақстан” үшін – Ванкуверден.