24 Қыркүйек, 2018

Грузия президенттігіне үміткерлер анықталды

111 реткөрсетілді

Грузияда президенттікке үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды. 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген 46 үміткерден 25-і ресми түрде тіркелді. Бұл жөнінде жексенбі күні брифингте Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-спикері Анна Микеладзе мәлімдеді.

Alexander Imedashvili

25 үміткердің 19-ы саяси партиялар, 6-уы бастамашы топтардың атынан қатысуда. Сайлауға қатысуға рұқсат алу үшін әр үміткер кем дегенде 25 923 сайлаушының қолын жинауы тиіс. «Заңнамаға сәйкес, президенттікке тіркелген үміткер сайлауға 12 күн қалғанше (16 қазанды қосқа алғанда) ОСК-ға жазбаша өтініш беріп, өз кандидатурасын алып тастай алады. Аталған мерзім аяқталған соң барлық үміткерлер сайлау бюллетеньдеріне енгізілетін болады», - деді Микеладзе. ОСК-ға тіркелу үшін барлығы 46 субъект өтініш білдірген: 26-ы бастамашы топтардан, 20-ы саяси партиялардан. Ал әртүрлі құқықтық негіздер себебінен 21 үміткерді тіркемеуге тура келген.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар