Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2018

Өнегесі өріс жайса...

101 реткөрсетілді

Бурабайдағы «Жақсы» спорт кешенінде «Транстелеком» компаниясының 3-ші жазғы спартакиадасы болып өтті.    

Компанияның 15 филиалы арасында шағын футболдан, үстел теннисі, әртүрлі қашық­тыққа жүгіру, ұзындыққа секіру және басқа да спорттық жарыстар ұйымдастырылды. «Транс­телеком» компаниясы «Ру­­хани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар үйінің талантты балаларын қолдау мақсатында алғаш рет қайырымдылық шараларын жүзеге асыруда. 

Аталмыш жарысқа Ақмола және Солтүстік Қазақстан об­лыстарының төрт балалар үйі­нің және Петропавл қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауы­лының тәрбиеленушілері қатысып, шағын футболдан жарыс өткізілді. Бірінші орынды иеленген Петропавл қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауы­лының тәрбиеленушілеріне грамота мен кубок табыс етілді. Ал Ақкөл балалар үйінің «Арыстан» командасы екінші, Айыртау балалар үйі үшінші орынды еншіледі. Сандықтау балалар үйінің командасы да ынталандыру сыйлығына ие болды. Сондай-ақ «Ең үздік ойыншы» аталымы бойынша Анатолий Алаш (Петропавл), Бауыржан Орманов (Ақкөл қаласы), Никита Жакупов (Сандықтау), Роман Исайкин (Айыртау) марапатталды. 

Компания өкілдері барлық балаларға оқу құралдары са­лынған мектеп сөмкелерін сыйға тартты. Жарыстан соң балалар үйінің тәрбиеленушілері Абылай хан алаңы мен ашық аспан астындағы Ботай-Бурабай мұражайын тамашалап, ескерт­кіш суретке түсті.

Аталмыш компанияның қайы­рымдылық ісі басқаларға да үлгі болса, кәнекей. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы, 

Бурабай ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар