Кино • 24 Қыркүйек, 2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

159 реткөрсетілді

Алматыда Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында 20-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен, «Бродвей» кинопорталының ұйымдастыруымен III Baikonyr Short Film Festival-і болып өтті. Шараның бас серіктестері - Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinema.

Фестиваль нәтижесінде, биыл келіп түскен 195 өтініштен байқауға тек 47 жұмыс өткен. Baikonyr Short Film Festival жеңімпаздары 13 номинация бойынша анықталды:

Бас жүлде – «Қош бол, досым», Тимур Сердалин

«Үздік режиссер» -  «Қош бол, досым», Тимур Сердалин

«Үздік оператор» - «Uzbek elegy», Бахтияр Исламов

«Үздік сценарий» - «Қош бол, досым», Жәнібек Мұртазин

«Үздік актер» - «Асан», Азат Жұмаділ

«Үздік актриса» - «Самал», Жанеля Аликова

«Үздік қоюшы-суретші» - «Өркеш», Иван Ардашов

«Үздік дыбыс» - «Чемпион», Мария Валуйская, Юлия Реиман, Сейіт Тасболатов

«Үздік анимациялық фильм» - «Өркеш», Иван Ардашов

«Үздік деректі фильм» - «Қасапшының бір күні», Нұрсұлтан Нұсқабеков

«Үздік тәжірибелік фильм» - «Балалардың өліп жатқанын бақылағанды ұнатамын», Әлібек Әбдіхалық

«Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» - «Қыстың соңы», Әмір Әменов

«Бродвей» таңдауы» - «Жабайы күндер», Самғар Рахым

Жұмыстарды FIPRESCI және NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушова, актриса Аружан Жазылбекова, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова, режиссер, сценарист Адай Әбелдинов, продюсер, режиссер Нұртас Адамбай, режиссер Баймұрат Жұманов, режиссер Катерина Суворова және дыбыс режиссері Денис Коноплев бағалады.

Baikonyr Short Film Festival аясында 71-ші Канн кинофестивалінің Cinefondation қысқа метр бағдарламасына қатысқан Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі және Дәрежан Өмірбаевтің биыл 30 жыл толған «Шілде» картинасы көрсетілді. Сонымен қатар, көрермендер Қырғызстан мен Өзбекстанның үздік қысқаметражды жұмыстарын тамашалады.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Ұқсас жаңалықтар