Саясат • 24 Қыркүйек, 2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

187 реткөрсетілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп  мемлекеттік қызмет мектебін ашты, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет мектебін ашудағы басты мақсат - талантты, сауатты, білімді, жауапты, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеті бар жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Мектептің ашылуы рәсіміне Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов және мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Әлібек Баймағамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жоба Ақмола облысындағы жоғары білім ордаларында оқып жатқан, келешекте тағдырын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін (18-29 жастағы) жастарға арналған. Осы мақсатта Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп студенттер арасында іріктеу  жүргізді. Іріктеу нәтижесі бойынша Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарынан таңдап алынған 20 студент  тағылымдамадан өтетін болды.

- Ақмола облысының мемлекеттік қызмет мектебі келешегі зор жастар мен мемлекетік органдарды байланыстыратын көпір болатынына сенім мол. Мектептің басты міндеті Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда жоғары білікті, құзыретті, келешегі бар жастарды даярлау, - деп атап өтті Берген Беспалинов. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар