Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2018

Рудный, Хромтау, Ақсуда бір уақытта ERGRunFest өтті

74 реткөрсетілді

Еуразиялық Топтың алып кәсіпорындары орналасқан Рудный, Хромтау және біздің өңірдегі Ақсуда өткен алғашқы жүгіру фестиваліне  ұйымдастырушылардың мәліметінше, 3 мыңнан астам адам қатысты. 

Фестивалға тек ERG кәсіпорындарының жұмысшы-қызметкерлері ғана емес,  қала тұрғындары мен  қонақтары тіркеліп, қатысуға мүмкіндік алды.

Еуразиялық Топ спортты қолдайды. Спорт саласын белсенді дамытып, саламатты өмір салтын кәсіпорындарында және  қала тұрғындары арасында да барынша кеңінен насихаттауда, – дейді Еуразиялық Топ басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

– Өйткені, біздің топ алға қарай дамуға ұмтылатын адамдарды  қолдайды. Сол үшін біз ERG-дің кез келген жұмысшы-қызметкері мен Топ кәсіпорындары орналасқан қалалардың кез келген тұрғынына спортты қолжетімді етуді мақсат еттік. Күзгі жүгіру фестивалін Топтың елдегі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған алғашқы қадамдарының бірі.

Жүгіру фестивалі үш қалада бір уақытта басталды. Ұйымдастырушылар 3, 5 және 10 км қашықтықтардан бөлек, балалар арасында да жүгіру жарысын өткізді.

Ақсудағы «ERG Run Fest» жүгіріс жолы қаланың орталық көшелерін қиып өтті. Жүгіруге қатысушыны тұрғындар көше бойы қолдап, демеп отырды. Екібастұздық спортшы, әлемдегі шөлдерді жаяу жүгіріп өткен Марат Жыланбаев фестивалдің құрметті қонағы болды.

– Спорт мерекесіне қатысқаныма қуаныштымын, –дейді фестивалге қатысу үшін Қарағандыдан арнайы келген Александр Закаленков. –дайындықты ерте бастап, жүгірген сайын жеңілдеп, шыңдалып қалдым.   

ERG-дің спорт пен «Салауатты өмір салтын сақтау» орталығының жетекшісі Олжас Оразбаевтың айтуынша күзгі жүгіру фестиваліне қатысқан әрбір адам өздеріне ерекше сыйлық жасап, денсаулықтарын шыңдап, жақсы көңіл-көңіл күйде болды.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген : Ирина Сычина

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар