Технология • 25 Қыркүйек, 2018

Мүмкіндігі шектеулі адамдар робот даяшыларды басқаратын болады

783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заманауи технологиялар мүмкіндігі шектеулі жандардың қолын ұзартуды көздеп отыр. Қараша айының соңында япониялық мамандар Токио аудандарының бірінде робот даяшылар қызмет көрсететін мейрамхана ашуды жоспарлауда. Мамандардың айтуынша, даяшы роботтарды мейрамханаға келген қонақтар басқарады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар робот даяшыларды басқаратын болады

Фото:hi-news.ru

OriHime-D деп аталатын мұндай роботтар екі модификацияда шығарылады. Екеуі де бірінші кезекте дистанциялық коммуникацияға бағытталған. Бірінші модельдің биіктігі - 21,5 сантиметр, ал салмағы - 600 грамм. Ол сырқат себебімен оқу орнына келе алмайтын оқушылардың мектепке баруы үшін пайдаланылады. Ал екінші роботтың биіктігі - 1,2 метр, салмағы - 20 килограмм. Ол сәйкесінше күрделі жұмыс түрлерін атқара алады. Десе де екеуінің де мақсаты бір. Олар мүгедек адамдардың әлеуметтен оқшауланбауына мүмкіндік береді. Ory Lab. Inc.  роботтар әзірлеуші компаниясының мұндай роботтарды жасаудағы негізгі идеясы да осы.

«Мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмысқа араласа алатын кеңістігін құрғым келеді», дейді Ory Lab. Inc.  роботтар әзірлеуші компаниясының директоры Кентаро Йошифуджи.

Йошифуджидің айтуынша, ол бала күнінде адамдармен қарым-қатынаста көп қиындық көрген. Сол себепті ол әлеуметтік оқшауланудың не екенін жақсы біледі. Сондықтан өз тәжірибесіне сүйене отырып, Васеда университетінде адамдарға әлеуметтік байланыстарды реттеуде қолдау көрсететін роботтарды әзірлей бастаған.

Ory Lab. Inc.  роботтарын сондай-ақ 2020 жылғы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындау жоспарланып отыр.