Хоккей • 25 Қыркүйек, 2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті матчын Мәскеуде өткізген Астананың «Барысы» жергілікті «Динамоны» овертаймда 3:2 есебімен жеңді. 

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

Бұл кездесу өте шиеленісті өтті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін канадалық легионер Мэттью Фрэттин «Барысты» алға шығарса, көп ұзамай Илья Никулин таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңді айдын иелері екпінді шабуылдармен бастады. Нәтижесінде бәсекенің 47 минутында Юусо Хиетанен нысананы дәл көздеп, «Мегаспорт» кешеніне жиналған көрермендерді бір қуантып тастады. Алайда астаналықтар да қарап қалған жоқ. 53 минутта қорғаушы Кевин Даллмэн өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағаннан соң кездесу овертаймға ұласты. Бұл ретте жерлестеріміздің жолы болды. 64 минутта Мэттью Фрэттин тағы да мергендік танытып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Қазіргі кезде ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінде «Барыс» 11 орында келеді. Осы күнге дейін 9 кездесу өткізіп үлгерген астаналық клубтың еншісінде 11 ұпай бар. 

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»