Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

84 реткөрсетілді

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды, деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Оқиға елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Құлаған баланы сол үйдің төменгі қабатында тұратын 28 жастағы Артем Қараев құтқарып қалған. 

«Мен балконға шықтым,  адамдар айқайлап жүгіріп жүр екен. Барлығы мен жаққа қарап тұр. Жоғары қарасам, бала салбырап тұр екен. Ол төменге қарай құлдилай бастағанда, мен оны тосып алдым. Балконға қарай тарттым»,  дейді Артем Қараев. 

Оның айтуынша, баланың жасы шамамен жетіде. Бала үйде жалғыз қалған. Анасы 15 минутқа үйден шыққан. Ал есік құлыптаулы болған. Далаға серуендеуге шыққысы келген ол терезедегі торды пышақпен тескен. Төмен қарай секіре бастағанда торға ілініп қалған. 

Бұл оқиғағаны  ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілер 24 қыркүйекте Астанада болғанын растады. 

«10:16-да баланың 10-шы қабаттан құлауына қаeіп бар деген хабарлама түскен. Елордалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімі 10:22-де жеткен. Құтқарушылар жеткенше, 2012 жылы туған баланы тоғызыншы қабатта тұратын көршісі құтқарғаны анықталған. Баланың жағдайы жақсы, ол ата-анасына тапсырылды. Көмек қажет болмады»,  деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар