Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2018

Жемқорлықты жүгендеу сараптамасы

123 реткөрсетілді

  Өткен жұмада Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы: “Pro et antra” атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Еліміздегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың күні бүгінге дейін нормативтік шығармашылық саласында жемқорлыққа қарсылық тұрғысында тиімді шаралар, әдістер мен механизмдер ұйымдастыруда белгілі бір деңгейде тәжірибе жинақтағаны анық. Алайда осы жетістіктерді бағалай келе, бұл тараптағы әлі де жетілдіре, толықтыра түсуді талап ететін бірқатар мәселелер  мамандарды біраздан бері толғандырып келеді. Сондықтан да, іс жүзіндегі нәтижелерге талдау жүргізуді реттейтін ережелердің болмауы және осы істерді жүзеге асыруға бөлінетін бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды мұқият қадағалау секілді тағы да басқа өзекті мәселелер төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалды. «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімов дөңгелек үстел барысындағы әңгіменің негізгі бағыттарын жүйелеп, қонақтарға кезек-кезегімен сөз беріп, таныстырып отырды.

Астаналық мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб басқару комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов осы саладағы құқықтық нормативтік актілерге байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесінің басшысы Саба Дьердь мырза жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық маңызы мен тәжірибелері  туралы сөз қозғаса, «Экспертиза және жаңа технологиялар ғылыми-өндірістік институты» ЖШС директоры М.Сандарчук арнайы баяндама жасады. Дөңгелек үстелге ҚР Парламент мәжілісінің арнайы іс-сапармен келген делегаттары қатысып отырды.  

Нұрғали ОРАЗ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар