Аймақтар • 02 Қазан, 2018

Қызылордада «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» және «Этноауыл» фестивалі өтті

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада «Қала күні» мерекесі «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» және «Этноауыл» фестивалімен жалғасты.

Қызылордада «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» және «Этноауыл» фестивалі өтті

Салтанатты шараға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысып, барша қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

«Сыр сүлейлері» аллеясында қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің қаз-қатар орналасқан қараша үйлерінен этноауыл бой түзесе, арнайы тігілген ақ шатырларда қала мейрамханалары ұлттық дастархан мәзірін және шаруа қожалықтары қауын, қарбыз, қымыз, шұбат, бауырсақтарды қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етті.

Бұл күні қалаға қарасты шаруашылық құрылымдары 600 литр қымыз, 600 литр шұбат, 4 тонна қауын, 4 тонна қарбыз, 50 кг қауын қақ, 50 кг қауын құрт әкелсе, қала кәсіпкерлерінің мерекелік тартуы ретінде «Браунис» кондитерлік асханасы, «Salem Village» сауда маркеті, «Шах сарай», «Мақсұт», «Кореана» мейрамханалары түрлі ас мәзірлерін және жеке кәсіпкерлер қаламыздың 200 жылдығына арнап 200 қорап бауырсақ әзірледі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы