Тізімге соңғы 20 жыл бойы адам басына шаққандағы Ішкі Жалпы Өнімінің жыл сайынғы өсімі 5 пайыздан жоғары болған елдер енген.
McKinsey Global Institute есебіне сәйкес, 1996-2016 жылдар арасында адам басына шаққандағы Ішкі Жалпы Өнім көрстекіші 8,2%-ды құраған. Бұл көрсеткішпен Әзербайжан әлем елдері арасында Мьянмадан кейінгі екінші орынды алған, ал ТМД елдері бойынша бірінші орында. Әзербайжанмен қатар бұл тізімде біздің еліміз де бар. Одан бөлек, Беларусь, Түркіменстан, Өзбекстан, Үндістан мемлекеттері тізімде.
McKinsey Global Institute ЖІӨ өсімінің 50 жылдық көрсеткіштеріне де анализ жасаған. Бұл категория бойынша тізімнен Қытай, Гонконг, Индонезия, Малайзия; Сингапур мен Оңтүстік Корея, Тайландты көре аламыз.