Олардың ашқан жаңалықтары лазерлі физикада төңкеріс жасаған болатын және бүгін «өте ұсақ объектілер мен аса жылдам процестерді жаңа жолмен байқап көруге болады».
Эшкинге марапаттың жарты бөлігі «оптикалық құралдар мен олардың биологиялық жүйеде пайдаланылуы» үшін, қалған бөлігі Мур мен Стрикландқа «жоғары қарқынды ультра-қысқа оптикалық импульстарды генерациялау әдісін әзірлегені» үшін табысталды.
Эшкин – американдық физик, оптикалық тұзақтар жасау саласындағы алғашқылардың бірі, 47 патенттің авторы.
Мур және Стрикланд – француздық және канадалық физиктер. 1985 жылы олар жоғары қуатты лазерлі импульстің жаңа технологиясын ұсынған.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда, яғни Нобель сыйлығының негізін қалаушы, швед өнертапқышы Альфред Нобельдің дүниеден өткен күніне байланысты өтеді.