![Ақтауда облыстық онкологиялық дипансердің құрылысы қайта басталды](/article_photo/1538559090_article_b.jpeg)
Биыл аймақ басшысының тапсырмасы бойынша қаржыландыру көзі табылып, онкологиялық диспансердің құрылысы қайта жаңғырды. NCOC компаниясы бұл әлеуметтік- инфрақұрылым жобасына 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Құрылыс 2019 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілуде.
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде диагностикалық орталық, 100 орындық аурухана болады. Бірінші қабатта емхана, екінші қабатта әкімшілік корпус орналасады. 3-тен 6-шы қабатқа дейін химиотерапия, хирургия, сәулелік терапия, күндізді ем-шара бөлімі және т.б. болады.
Бүгінде жаңа клиникада жұмыс істеу туралы үш профессор және басқада дәрігерлермен келіссөздер жүргізілуде.
Облыс әкімі Е.Тоғжанов құрылыс барысы туралы апта сайын баяндап тұруды тапсырды. Сондай-ақ, барлық қажетті заманауи жабдықтарды сатып алу жолдарын қарастыруды қажеттілігін жеткізді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы