Әлем • 04 Қазан, 2018

Әзербайжанның көлік өндірісі жаңа сатыға көтерілмек

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нахчыван автокөлік зауыты жаңа заман талабына сай электромобильдер жасау жобасын қолға алды. Бұл туралы компания директоры Муса Абдуллаев Әзербайжанның «Тренд» ақпараттық агенттігімен бөлісті.

Әзербайжанның көлік өндірісі жаңа сатыға көтерілмек

Жаңа электрокөліктер үнемділікпен қатар қазіргі заманның өзекті мәселесі – экология тазалығын да ескеріп жасалмақ. Бұдан бөлек, зауыт жедел жәрдем қызметіне арналған LIFAN компаниясының «минивэн» үлгісіндегі машиналарына да тапсырыс берген. Аталмыш машиналардың жинақтау жұмысы 2019 жылы басталмақ.

«Нахчыван автокөлік зауыты 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Нахчыван Автономды Республикасына экономикалық, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында құрылған компания бүгінде 5000-нан көп автокөлік жасап шығарды. Алғашқы кезде компания зауытында LIFAN маркасының төрт үлгідегі автокөлігі ғана шығарылатын. Бүгінде 14 үлгідегі машина шығара алатын үлкен зауытқа айналды. Біздің көліктер заманауи дизайн мен қауіпсіздіктің ең жоғарғы нормаларына сай. Автокөлік өнеркәсібіндегі мүмкін болған экологиялық талаптардың барлығы сақталады. Жыл сайын қызмет көрсету желісі мен сатылым көрсеткіші де ұлғайып келеді. Бұған қоса, автокөліктеріміздің кепілдік мерзімін 150 мың шақырым қолданысқа дейін ұлғайттық», деді компания директоры Муса Абдуллаев.

Қазіргі таңда компания қосалқы бөлшектер өндірісінің локализациясы мәселесін шешуді. Олардың айтуынша, бұл зауыттан шығатын автокөліктердің бағасын арзандатуға мүмкіндік береді.