Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Елбасы бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауды тапсырды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауында  «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңын белсенді пайдалануды жүктеді.

Елбасы бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауды тапсырды

«Бизнесті шетелдік инвестициялармен қамтамасыз етуде, капиталға қол жеткізуде маңызды рөлді «Астана» Халықаралық қаржы орталығы атқаруы тиіс. Біз арнайы түрде бөлек сотты, қаржылық реттеушіні, биржаны құрдық. Барлық меморгандар, ұлттық компаниялар қаржыландыру үшін АХҚО алаңын белсенді түрде пайдалануы керек. Осыған байланысты Үкімет бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауы тиіс. Бұл тұрғыда әлеуметтік секторға, қауіпсіздікке, инфрақұрылымға негізделуі керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Президент аталған салаларға шығыстарды бағыттау керектігін айтты.