Аймақтар • 05 Қазан, 2018

Атырау қаласының әкімі азаматтарды «Қамқорлық» айына белсенді қатысуға шақырды

756 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 қазанда басталған жалпыреспубликалық «Қамқорлық» айы барысында Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы "Шаңырақ" балалар ауылының тәрбиеленушілеріне барды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласының әкімі азаматтарды «Қамқорлық» айына белсенді қатысуға шақырды

Қала күні мерекесіне орай Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттымұрат-ұлы "Шаңырақ"отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесті. Бүгінде мұнда 3,5 жастан 18 жасқа дейінгі 62 бала тұрады. Олардың әрқайсысында 10 баладан тәрбиеленетін алты отбасы жеке жабдықталған бөлмелерде тұрады, онда жатын бөлмесі, ас үй, ойын бөлмесі және қонақ бөлмесі бар.

"Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуынша, балалардың 20% - ы жетім балалар,  қалғандары  -ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

- Биыл біздің ауыл үшін өте қуанышты жыл болды, бізге  жаңа ғимарат салуға жер бөлген еді, қазір  біз бұрынғы балабақша ғимаратында тұрамыз. Қазіргі уақытта жаңа ауыл құрылысына ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде,  жақын арада балалардың қоныс тойын тойлаймыз  деп үміттенеміз,- дейді Гүлсара Ботатаева.

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы балаларды келе жатқан қала күнімен құттықтап,  әрқайсысына сыйлықтар табыс етті. Алғыс ретінде балалар қонақтарға концерт қойды.

- Баршаңызға белгілі, 1 қазанда жалпыреспубликалық «Қамқорлық» айы басталып,бұл күні Қарттар үйінде қарттар үшін қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылған еді. Бүгін  "Шаңырақ" балалар ауылының балаларына барып қайттық. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Атырау қаласының барлық тұрғындарын осы акцияны қолдауға және нағыз мұқтаж адамдарға көңіл бөлуге шақырамыз, - деді Атырау қаласының әкімі.

Айта кетейік, жалпы республикалық «Қамқорлық» айы қазан айының соңына дейін жалғасады. Қазақстанның барлық аймақтарында 30 күн бойы қайырымдылық іс-шаралар, сондай-ақ қайырымдылық пен мейірімділік акциялары өткізіледі.