Парламент • 06 Қазан, 2018

Мәжіліс депутаттары өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен танысты

308 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының Ақмола облысы Целиноград ауданында жұмыс сапары өтті. Іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В.И.Олейник, А.А.Смағұлов, М.М.Магерамов қатысты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаттары өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен танысты

Жұмыс сапары барысында Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Ақмол ауылының № 22 өрт сөндіру бөлімінің, Жайнақ ауылының «Агрофирма  Актык» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құралымдарын байқап тексеру болды, сонымен қатар «Астана халықаралық әуежай» АҚ-ның мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің объектісіне барып шықты.

Осы іс-шараны өткізу мақсаты мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрт сөндіру бөлімшелерінің, сондай-ақ ауылды жерлерде өрт сөндіруге тартылатын ерікті өрт сөндіру құралымдарының жағдайымен және жұмысымен танысу болып табылады.  

Бүгінгі күні республикамызда 422 өрт сөндіру бөлімшелері және 2695 түрлі функционалдық мақсаттағы өрт техникасы бірліктері бар. Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері жеке құрамының саны 17 729 адам.

Жыл сайын елімізде өрт сөндіру бөлімшелері өртке және жануға 45 мыңнан астам шығу жасайды. Тек 2017 жылы өртті жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер 4 мың адам құтқарып және 20 мыңнан астам адам эвакуацияландырды.

2018 жылдың 9 ай ішінде өртті жою және авариялық-құтқару қызметі 2 806 адам құтқарып, 15 159 эвакуацияландырды, өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарына, өртену уақиғаларына дабыл бойынша  39  523 шығу жасалды.

2014 жылы «Азаматтық қорғау туралы» Заңның қабылдануымен шалғай ауылдық округтерде өрттерге және жануға ден қою жүйесін дамыту үшін әкімдіктердің құзыретіне мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде ең аз техникалық ресурстармен өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша тікелей норма бекітілді.

Республикамызда өрт сөндіру бекеттері саны 202, жалпы саны 600 мың адамнан астам 648 елді мекенді жабумен қамтылған. Қару-жарақта 209 әртүрлі бірлік өрт және бейімделген техника бар.  

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін тартпай еріктілердің күшімен ауылдағы өрттер мен жануларды сөндіру деңгейінің тұрақты оң динамикасын атап өткен жөн. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін ЕӨҚ дербес 3 877  өрт пен жанулар жойылды.

Жалпы, қазіргі уақытта ауылда 4814 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды, олардың қару-жарағында 8 мыңнан астам өрт сөндіру автокөліктері, бейімделген техника мен өрт сөндіру мотопомпалары бар. Құрамалардың жеке құрамы 50 мың адам.