Кино • 06 Қазан, 2018

Анталиядағы халықаралық фестивальда Самал Еслямова «Үздік актриса» атанды

162 реткөрсетілді

Анталияда өткен 55-ші Халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Биылғы Анталия Халықаралық кинофестиваліне 10 фильм, соның ішінде 2 түрік фильмі ұсынылған, оларды 34 мың көрермен тамашалады. Кеше, 5 қазан күні фестиваль марапаттарын табыстау салтанаты өтті.

«Үздік фильм» аталымында ирандық режиссер Джафар Панахидің «Үш Тұлға (Three Faces)» фильмі жеңіске жетті. Режиссердің өзі үйқамақта болуына байланысты, жүлде оның қызына тапсырылды.

«Үздік актриса» аталымының жеңімпазы атағына - «Айка» фильміндегі рөлі үшін Самал Еслямова лайықты деп табылды.

«Үздік актер» наградасы «Капернаум» фильміндегі рөлі үшін Заин әл-Рафеаға берілді. Жапон режиссері Хирокадзу Корээда «Дүкен ұрылары (Shoplifters)» фильмі үшін «Үздік режиссер» атанды. Америкалық актер Эрик Робертске «Құрметті награда» табысталды. Айта кетейік, фестиваль 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар